$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.06.2020, 00:56
Жаңалықтар

13 өңірде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді

Мұндай шешім елімізде коронавирус жұқтырған азаматтар санының күрт артуына байланысты қабылданды

13 өңірде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді
Фото: ашық дереккөзден

Елімізде коронавирус жұқтырған азаматтар санының күрт артуына байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі қайта қысқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас санитарлық дәрігерлердің шешімі бойынша еліміздің 13 аймағында - Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі қысқартылды. Ал Шығыс Қазақстан облысында ХҚКО-ның жұмыс уақытына өзгеріс тек Семей қаласы бойынша енгізілді. 

«Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офис қызметкерлері банк операторлары, дәрігерлер мен полицейлер секілді азаматтармен тікелей байланыста жұмыс істеп жатыр. Бөлімдерде санитарлық-эпидемиологиялық, әлеуметтік қашықтық және бетперде режимдері қатаң сақталған. Алайда, қызмет алушылар өздерін жайсыз сезініп немесе сырқат белгілерін байқаса ХҚКО-ға барудан бас тартуға кеңес береміз. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында автокөлік иелерін мамандандырылған ХҚКО-ға бармай-ақ, мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға шақырамыз. Бүгінде автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін ауыстыру онлайн режимде қолжетімді», - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары