Шымкентте меморган ондаған млн теңгені оңды-солды шашпақ болды

Автор: Асыл Арман

Бұл қаржының заңсыз жұмсалмақ болғаны анықталды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Шымкент қаласында Тұран ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықты анықталды. Меморган 61 млн теңгеден астам бюджет қаржысын орынсыз жұмсамақ болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Заңбұзушылық қалай анықталды?

Талдау барысында жергілікті атқарушы орган халықтың қатысуынсыз сатып алу жоспарына ойын алаңының құрылысын енгізгені белгілі болды. Бұл «Халық қатысатын бюджет» қағидасына қайшы келеді.

Прокуратура шаралары

Аудан прокуратурасының қадағалау актісі нәтижесінде 61 млн теңгеден астам соманы негізсіз жоспарлау тоқтатылды. Сонымен қатар аудан әкімі аппаратының басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.