Ол әлемдік деңгейдегі түрлі беделді додаларда қарсыластарын шаң қаптырып, талай рет жеңімпаз атанды
Астанада алғаш рет мектеп оқушысына «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл атақ Астана қаласындағы №70 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Аңсат Алдияр берілді. Бұл – елімізде мектеп оқушысына тұңғыш рет беріліп отырған мәртебелі марапат.
Жас шахматшы Алдияр Қазақстан спортының мақтанышы. Ол әлемдік деңгейдегі түрлі беделді додаларда қарсыластарын шаң қаптырып, талай рет жеңімпаз атанды.
«Талантты оқушы – әлем чемпионаттары мен халықаралық турнирлерде топ жарып, еліміздің атын танытып, көк туымызды биікте желбіреткен жас әлем чемпионы», – делінген әкімдік хабарламасында.