Ол мемлекет басшысының өкімімен тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Ниязбекұлы Сәлімбаев Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Осы тағайындауға дейін ол ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржы ұйымдарын методология және пруденциялық реттеу департаментінің директоры қызметін атқарған.