$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.06.2020, 23:28
Жаңалықтар

Қазақстанда екі әуе компаниясының сертификаты тоқтатылды

Олар Халықаралық азаматтық авиация ұйымы заңнамасының талаптарын орындамаған

Қазақстанда екі әуе компаниясының сертификаты тоқтатылды
Фото: ашық дереккөзден

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы заңнамасының талаптарын орындамауына байланысты Azee Air ЖШС және Sigma Airlines ЖШС әуекомпанияларының пайдаланушы сертификаттары уақытша тоқтатылды, , деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Комитет мәліметінше, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті және Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында келесі жұмыстарды жүргізді.

«Қазақстан Республикасы және ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымы заңнамасының талаптарын орындамауына байланысты Azee Air ЖШС және Sigma Airlines ЖШС әуе компанияларының пайдаланушы сертификаттары уақытша тоқтатылды. Тиімсіз іске асырылған құқық нормаларын анықтау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастыру арқылы заңнаманың тиімділігін бағалау және болжау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта жүктерді тасымалдауға арналған әуе кемелерін тіркеуге және оларды кейін бақылауға арналған қосымша шарттар анықталды. Олар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасына енгізілген (Заңды қабылдаудың күтілетін мерзімі  2020 жылдың 4 тоқсаны)», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары