Бұл жайттан кейін оның есте сақтау қабілеті нашарлаған
Танымал блогер Елдос «Колобоктың» анасы Жанат ханым «Құпия подкаст» эфиріне сұхбат беріп, жолдасының қазасы жайлы адам шошырлық оқиғаны айтып берді, деп жазады Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, жолдасы сол жылдары ет сатып, кәсіп еткен екен. Таңға жуық оны досы «ақша керек» деп шақырып, сол күйі оралмаған.
«Үйдегі соңғы 500 долларды салып бердім. Кетіп бара жатқанда жер алып, әке-шешемді көшіріп алып келемін деп айтты. Сол кеткеннен оралмады. Кейін біреулер Шымкенттен үй телефонына хабарласып, күйеуімнің киімдері қандай екенін сұрады. Сол кезде өртеніп кеткен адамның кім екенін таба алмай жатқан екен. Аяқ киімінен ғана таныдық. Көлікті өртеп, құздан лақтырып жіберген. Оны тануға да өзім емес, қайын ағаларым барды. Тексеру үшін күйеуімнің басын кесіп алып қалды», - дейді Жанат ханым.
Оның айтуынша, жерлеген кезде жақындары марқұмның тек денесін, яғни, бас бөлігін салмай жерлепті.
«Сол жақтан орап дайындап әкелді. Денесін бір аптадан кейін әкелді. Кейін денесінің басын бөлек, қабірді ашып жерледік. Басын салып берді, өзім апардым. Менің көрген дүниемді ешкім көрмесе екен деймін. Осы оқиғадан кейін есте сақтау қабілетім нашарлап кетті», - дейді ол.