Жетісу облысында қауіпті медициналық қоқыс кәдеге жаратылып кеткені анықталды
Заң бұзушылықтар анықталды

Жетісу облысында медициналық қалдықтарды кәдеге жарату барысында заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ПД хабарламасында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 100-бабына сәйкес, Г класындағы медициналық қалдықтар токсикологиялық жағынан қауіпті болып саналады және олардың қауіптілік деңгейі өнеркәсіптік қалдықтармен салыстырылады.
Лицензиясыз қызмет көрсеткендер жауапқа тартылды
Экологиялық кодекстің 336-бабына сәйкес, қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру және кәдеге жарату лицензияланған қызмет болып табылады. Алайда Жетісу облысында 8 факті бойынша мердігерлер лицензиясыз қызмет көрсеткен.
Қолданылған шаралар
Табиғат қорғау прокуратурасының қадағалау актілері негізінде тәртіп бұзушылар әрқайсысына 2 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, тапсырыс беруші мекемелердің 8 жауапты лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.