Әйелін 10 жыл бойы ұрып-соққан: экс-дипломат Сәкен Мамашқа қатысты апелляциялық шағым қаралды

Автор: Асыл Арман

Астанада экс-дипломат Сәкен Мамашқа қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды

Фото: facebook.com/saken.mamash

Астана қаласының Апелляциялық соты бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты апелляциялық шағымды қарады. Сот алғашқы инстанция шешімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот шешімі

Адвокат Данияр Әділов әлеуметтік желіде сот шешімінің жариялану сәтін бейнежазба ретінде жариялады. Видеода соттың шешімі оқылып жатқаны көрінеді:

«Астана қаласының ауданаралық қылмыстық сотының 2025 жылғы 18 шілдедегі Мамаш Сәкенге қатысты үкімі өзгеріссіз қалдырылсын, апелляциялық шағымды қанағаттандырылмасын», – делінген.

Оқиғаның тарихы

Еске салсақ, 2024 жылғы мамырда Қазақстанның БАӘ-дегі елшілік кеңесшісінің жұбайы Карина Мамаш он жыл бойы тұрмыстық зорлық көргенін жариялаған. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырған.