Тағы да Талғарда: мас адам аулада жүрген балаларды пышақтап өлтірмек болды
Оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Талғарда 35 жастағы мас адам аулада жүрген балаларды пышақтап өлтірмек болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаның барысын жергілікті тұрғын телефонына түсіп, әлеуметтік желіге жариялады.
«Талғарда Абай көшесіндегі аулада ер адам пышақ ұстап, балаларға тап берді. Мен оны аяғынан теуіп құлатып, назарын өзіме аудардым», – делінген жазбада.
Полицейлердің әрекеті
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушы тез арада ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қауіптің алдын алу мақсатында ол наркологиялық диспансерге жатқызылды.
Құқықтық шаралар
Ер адам ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылды. Полиция азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кез келген әрекетті қатаң бақылауда ұстайтынын және құқық бұзушыларға қарсы жедел шаралар қолданатынын ескертті.