Қазақстанның екі қаласында экология күрт нашарлайды: тұрғындарға ескерту жасалды

Автор: Асыл Арман

«Қазгидромет» мәлімдеме жасады

Фото: istockphoto.com

Қазақстанның екі қаласында 18 қыркүйек күні ауа сапасы күрт нашарлайды. Осыған байланысты тұрғындарға ескерту жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосферада ластаушы заттардың жоғары деңгейде шоғырлануы күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл құбылыс белгілі бір ауа райы факторларының ықпалымен зиянды қоспалардың жерге жақын қабатта шоғырланып қалып, таралмауына байланысты болады.

«2025 жылғы 18 қыркүйекте қолайсыз метеожағдайлар Ақтөбе қаласында, түнде Атырауда күтіледі», – деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК.

ҚМЖ деген не және оның қаупі қандай?

Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) – бұл:

  • Тымық ауа райы;
  • әлсіз жел;
  • тұман;
  • температуралық инверсия.

Олар ластаушы заттардың таралуына кедергі келтіріп, шоғырлануына ықпал етеді. Мұндай жағдайлар ауа сапасының уақытша нашарлауына әкеледі, әсіресе тығыз қоныстанған немесе өндірістік аймақтарда қауіпті болып саналады.