Ол 2016 жылы 13 жылға сотталған
Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжановтан тәркіленген «Алтын-Саф» мейрамханасы сатылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Тобыл инфо» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қостанай облысында бұрынғы әкім Ахмедбек Ахметжанов 2016 жылы «әкімдіктегі үлкен іс» бойынша 13 жылға сотталған еді. Кейін жаза мерзімі қысқартылып, амнистияға ілінді. 2019 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босап шықты.
Сот шешімімен оның мүлкі мемлекет меншігіне өткен. Соның ішінде «Метрополь» мейрамханасы мемлекеттің қарамағына берілсе, «Алтын-Саф» бірнеше жыл бойы саудаға шығарылып, сол қалпы сатыла қойған жоқ.
2025 жылдың тамызында мейрамхана сатылды.
Саудаға қатысушылар кепілдік жарна ретінде 38,4 млн теңге енгізген.
Жаңа қожайын екі жыл ішінде ғимаратты толық реконструкциядан немесе капиталды жөндеуден өткізуге, оған дейін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге міндетті.