Желідегі мәліметке сүйенсек, әншінің концерті Түркістанда өткен
Танымал әнші Фархат Қалиев (ред. лақап аты – Kalifarniya) Түркістан өңірінде концерт өткіземін деп ұятқа қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншінің концерт біте сала тыңдармандарынан қашып бара жатқан сәті видеоға түсіп қалды. Кадрдан әншінің арнайы күзетшілерінің ортасында жүгіріп бара жатқанын, жол бойында күтіп тұрған көлікке кіріп кеткенін байқауға болады.
Өнер жұлдызының бұл әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды.
«Кімнен қашып бара жатыр? Ешкім қуып бара жатқан жоқ қой», «Тыңдарманын сыйлауды Димаштан үйреніңдер», «Тіпті әлемдік жұлдыздар да өзін дәл осылай ұстамайды», «Бұл кім өзі?», «Джей Лоның өзі бұлай қашқан жоқ қой», «Жұлдыз ауруы деген осы ма?», «Оны қуып келе жатыр?» – деп жазды желі қолданушылары.