Депутат Үкімет басшысына сауал жолдады
Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Бауыржан Смағұлов ұлттық стандарттау жүйесіндегі кемшіліктерді тізбектеп шығып, Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол сөз басында стандарттау сапаны, қауіпсіздікті және экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын, сондай-ақ инновацияларды енгізуге, саудадағы кедергілерді жоюға және бәсекелестік ортаны қалыптастыруға ықпал етуі тиіс екенін айтып өтті.
«Президент биылғы жолдауында әкімшілік кедергілерді азайту мен реттеу рәсімдерін жеңілдетудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұл ұлттық стандарттау жүйесін реформалау міндеттеріне сәйкес келеді.
Қазіргі таңда елде ұлттық стандарттау жоспары аясындағы барлық стандарттың 100%-ын «ҚазСтандарт» РМК әзірлейді. Бұл – мақсатқа сай келмейтін тәсіл. Өйткені «ҚазСтандарт» РМК-ның өзінің техникалық және ғылыми базасы жоқ, салалық мамандары да жоқ, бизнестің және инженерлік қауымдастықтың нақты қажеттіліктерін ескермейді, халықаралық шешімдерді бейімдемейді. Соның салдарынан стандарттау бюрократияға, бюджет қаражатын жасанды игеруге, салалық министрліктер тарапынан сұраныстың болмауына әкеліп соғады. Жаңа технологияларды жедел енгізудің орнына жасанды тежеу, уақыт пен қаржының жоғалуы сынды қиындықтар болып отыр», – дейді депутат.
Ол сөзін жалғай отырып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұлттық стандарттау жоспарын қалыптастыру, стандарттау құжаттарына сараптама жүргізу, сондай-ақ стандарттау құжаттарын бекіту Сауда және интеграция министрлігінің қарамағындағы құрылымда жүзеге асырылатынын қозғап өтті.
«Осылайша, бір орган стандарттау жоспарын қалыптастырады, стандарттар жобаларын әзірлейді және олардың сараптамасын өзі ұйымдастырады. Мұндай жүйе қайшылық пен айқын мүдделер қақтығысын тудырады, бұл өз кезегінде процестің объективтілігі мен тәуелсіздігін жоққа шығарып, экономика үшін елеулі тәуекелдерге әкеледі», – дейді мәжілісмен.
Сөз арасында мынандай проблемаларды айрықша қозғап өтті:
«AMANAT» партиясының мүшесі айтылғандарын ескере отырып, мынадай ұсыныстарын да жеткізді: