СҚО-да меморган жұмыс барысында қаза тапқан қызметкердің жанұясын ақшасыз қалдырды
Алайда сот мемлекеттік органды қаза тапқан қызметкердің отбасына 34 млн теңге төлеуді міндеттеді

Салық қызметкері қызмет бабында қаза тапқаннан кейін оның жұбайы үш кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырған ана ретінде мемлекеттік органға біржолғы жәрдемақы төлеу туралы өтініш берген. Алайда оған қаржыландырудың жоқтығы және басқа органдармен келісу қажеттігі себепті бас тартылыпты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әйел сотқа жүгінді
Марқұмның жұбайы сотқа талап арыз беріп, соңғы 12 айдағы табысы негізінде 58 млн теңгеден астам өтемақы талап етті.
Сот шешімі
Петропавл қаласының №2 соты істі қарау барысында отбасының жәрдемақы алуға заңды құқығы бар екеніне назар аударды. «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңға сәйкес, қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан салық органдары қызметкерлерінің отбасына он жылдық ақшалай қамтылым мөлшерінде төлем жасалуы тиіс.
Арнайы шені болмағандықтан, марқұмның ақшалай қамтылымы тек лауазымдық жалақысы бойынша есептелді.
Қорытынды
Сот талап арызды ішінара қанағаттандырып, мемлекеттік органды 34,8 млн теңгеден астам өтемақы төлеуге міндеттеді.
Сот шешімі заңды күшіне енді.