Шу тұрғыны дәрігерлердің салғырттығына байланысты сотқа жүгініп, өтемақы алды
Жамбыл облысында Шу қаласының тұрғыны дәрігерлердің салғырттығы салдарынан бірнеше рет отаға түсіп, сотқа жүгінуге мәжбүр болды. Жамбыл облысының соты оның пайдасына шешім шығарып, өтемақы төлеуді міндеттеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шу қаласында 2025 жылдың қаңтарында өт қабын алдыру үшін ота жасатқан әйелге қатысты сот ісі Жамбыл облысында аяқталды. Науқастың айтуынша, дәрігерлердің салғырттығы салдарынан оның жағдайы күрт нашарлап, бірнеше күрделі ота жасауға тура келген.
Отадан кейін әйелдің денсаулығы нашарлап, қатты ауырсыну, қызу және әлсіздік пайда болған. Дәрігерлер бастапқыда «патология жоқ» деген қорытынды жасаған. Тек туыстарының талабынан кейін ол Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханаға ауыстырылды.
Онда ультрадыбыстық зерттеу нәтижесінде науқастың құрсақ қуысында 1,5 литрден астам өт жиналғаны анықталып, шұғыл ота жасалған. Кейін әйел Алматыда тағы да үшінші күрделі отаға түсті.
Науқас барлық зардапты дәрігерлердің дер кезінде көмек көрсетпеуі мен қате диагнозынан көрді. Ол аурухананы, хирургы мен емдеуші дәрігерді сотқа беріп, моральдық және материалдық шығынды өтеуді талап етті.
Хирург кінәні ішінара мойындап, өз еркімен 1 млн теңге төлеген. Алайда бұл тек шығынның бір бөлігін ғана жапқан.
Іс қарау барысында тараптар медиация тәртібімен келісімге келді. Оның шарты бойынша:
Сот келісімді бекітті, іс жүргізу тоқтатылды. Шешім заңды күшіне енді.