$ 530.47  613.75  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бүкіл ел тілеп отыр»: Димаш Құдайбергеннің анасы ұлының қашан үйленетіні туралы сұраққа жауап берді

Жуырда әншінің қарындасы Раушан Құдайберген тұрмысқа шыққан болатын.

«Бүкіл ел тілеп отыр»: Димаш Құдайбергеннің анасы ұлының қашан үйленетіні туралы сұраққа жауап берді
Фото: Instagram/sveta_aitbaeva73

Әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева ұлының болашақ үйлену тойы жайлы сыр бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әншінің анасы El-Women жобасына берген сұхбатында ұлының әзірге жұмысынан қолы тимей жатқанын ерекше атап өтті.

«Оны енді уақытында көрерміз. Сол күнге жетейік. Әзірге Димаш жұмысынан бас ала алмай жүгіріп жүр. Әрине, барлық ата-ана сияқты біз де оның үйленіп, бала болғанын, өз алдына шаңырақ көтергенін тілейміз. Жалғыз біз емес, бүкіл ел тілеп отыр. Халық тілекші.

Ондай күндер, амандық болса, жақындап қалған шығар деп ойлаймыз. Ол да жақсы ой саларлық, әдемі күн болатын шығар деп ойлаймын», – дейді Димаш Құдайбергеннің анасы.

Айта кетейік, осыған дейін Светлана Айтбаева жуырда ұзатылған қызы Раушан Құдайбергеннің барған әулеті, күйеу баласы жайлы ой бөліскен болатын.

Серіктес жаңалықтары