Тамыз айында инфляция 12,2%-ға жетті, қай өңірлерде баға көбірек өсті?
Қазақстанда 2025 жылғы тамыз айында инфляция 12,2%-ды құрап, бір айда 0,4%-ға өсті. Бағаның жеделдеуі 17 өңірде байқалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстанда 2025 жылғы тамызда жылдық инфляция 12,2%-ды құрады. Бұл көрсеткіш шілдемен салыстырғанда 0,4%-ға жоғары. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бағаның жеделдеуі 17 өңірде байқалып, тек 3 өңірде баяулаған.
Тамыз қорытындысы бойынша азық-түлік бағасы 11,7%-ға қымбаттады (шілдеде – 11,2%). Ең жоғары өсім – Ұлытау облысында (14,8%), ең төменгісі – Алматы қаласында (8,7%).
Баға 9,7%-ға көтерілді (шілдеде – 9,5%). Көш басында – Абай облысы (12,6%), ал ең аз өсім Алматыда (7,5%).
Қызмет түрлерінің құны 15,3%-ға қымбаттады (шілдеде – 14,9%). Маңғыстау облысында өсім республикалық деңгейден төмен болып, 9,8%-ды құрады.
Тамызда айлық инфляция ел бойынша 1,0%-ға өсті.