БҚО-да мектеп мұғалімі Оралдан Ақтөбеге дейін 500 шақырымды жүгіріп өтті

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол осы аралықты бес күнде жүгіріп өтті

Фото: «Диапазон»

Орал қаласынан Ақтөбеге дейін 500 шақырымды жүгіріп өткен мұғалім – балаларға спортпен шұғылданудың маңызын көрсетуді мақсат еткен. Ол жеңіл атлетика мен волейболдан балаларды жаттықтырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

Қуаныш Құрмашев – Қарғалы ауданына қарасты Петропавловка ауылындағы орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі әрі жеңіл атлетика мен волейболдан жаттықтырушы.

Ұстаз Оралдан Ақтөбеге дейін бес күн жүгіріп өткен. Алғашқы екі күнде ол күніне 80 шақырымнан жүгірген, үшінші күні – 70 шақырым. Белгіленген уақытқа үлгеру үшін соңғы екі күнде 130 шақырымнан еңсерген.

«Мен Оралдағы Киров саябағынан жүгіріп шықтым да, Ақтөбеге дейін тоқтамай жеттім. Әр 100 шақырым сайын демалып, тамақтандым. Жолда көліктер тоқтап, мені құттықтап, ас-су беріп, қолдау көрсетті. Балаларға үлгі болу үшін, спортпен айналысу қажеттігін көрсету үшін осы қашықтықты жүгіріп өттім. Біз мықты әрі төзімді халық екенімізді дәлелдегім келді», – дейді Қуаныш Құрмашев.

Белгілі болғандай, 37 жастағы мұғалім үнемі түрлі жүгіру шараларына қатысып, салауатты өмір салтын ұстанып келеді.