Әкімдік түсініктеме берді
Астананың екі жағалауын жалғап тұрған Арыс көпірі 10 күнге жабылатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты, 15-25 қыркүйек аралығында автокөлік құралдарының қозғалысы ішінара шектелетін болады.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», - делінген хабарламада.