Каспий теңізінде 4 баллдық жер сілкінісі болды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Жерасты дүмпуі таңертеңгі уақытта тіркелді

Фото: pixabay.com

Жерасты дүмпуін әзербайжандық сейсмологтар тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, Каспийде жер сілкінісі 15 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат 08:41-де болған.

Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 4 баллды құрады. Ошақ тереңдігі – 76 км, Гала станциясынан шығысқа қарай 127 км қашықтықта орналасқан.