Желі қолданушыларының бір бөлігі оң бағаласа, екінші бөлігі сынға алды.
Адайбекованың аяғын сүйген сәті желіге тарап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода Сәкен Қағаровтың жүкті әйелінің шұлығын кигізіп, артынша аяғын сүйген сәтін көруге болады.
«Бұл сәтті ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың», - деп жазды Жанар Айжанованың күйеу баласы.
Желі қолданушыларының бір бөлігі Сәкен Қағаровтың қамқорлығын оң бағаласа, екінші бөлігі сынға алды.
«Осындай жігітті қайдан табасыңдар?», «Айжұлдызым осы бақытқа әбден лайықтысың», «Өзінің туған анасын осылай құрметтеді ме екен?», «Бұл өнеге болатын нәрсе емес. Барлығымыз келіншектерімізді сыйлаймыз, бірақ субординация болу керек», «Сұмдық қой бұлар. Атам көрсе ұрып өлтіретін шығар», «Ерсі емес пе?» - деп жазды желі қолданушылары.