Тимур Құлыбаевтың анасы қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұған дейін Тимур Құлыбаевтың туыс ағасы Аманбек Құлыбаев та өмірден өткен болатын

inbusiness.kz

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың анасы қайтыс болды деп жазады комитеттің ресми сайты.

Раиса Алдабергенованың неден көз жұмғаны хабарланбады. Комитет ұжымы басшысының қайғысына ортақтасып көңіл айтқан.

«Раиса Алдабергенқызын білетін жандар оның жүрегі мейірімге толы, ақжарқын адам болғанын айтады. Өмірдегі ең асыл адам – аяулы ананы жоғалту ешкімге де оңай соқпайды. Осындай қиын сәтте Сіздің қайғыңызға ортақтасып, қолдау көрсеткіміз келеді. Анаңыз жайлы жарқын естеліктер мен онымен бірге өткізген сәттеріңіз әрқашан жүрек төрінде болары анық. Олимпиадалық отбасы Сіздің жанұядағы ауыр қазаға ортақтасады», - делінген аталған хабарламада.