Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатының алғашқы белдесуінде күтпеген жерден жеңіліп қалды

Автор: Асыл Арман

Ол алғашқы белдесуінде ресейлік палуанмен шықты

Фото: Olympic.kz

Қазақстандық палуан Ризабек Айтмұхан Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алғашқы белдесуінде ол ресейлік Магомед Курбановпен күш сынасты.

Кездесу 5:4 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.

Начын Куулар (65 келіге дейін) қытайлық Тао Вэйді ұтып, әлем чемпионатын жеңіспен бастады.