$ 541.18  636.05  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда жеті бірдей оқушы ойламаған жерден күйіп қалды

Оқушылар «химиялық доппен» футбол ойнап, жарақат алды

Павлодарда жеті бірдей оқушы ойламаған жерден күйіп қалды
Фото: Azattyq Rýhy

Павлодар қаласындағы №37 мектепте 6-сыныптың жеті оқушысы өздері жасаған «химиялық доппен» футбол ойнағаннан кейін жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға мектептің футбол алаңында болған. Белгілі болғандай, балалар тұрмыстық «Крот» құралын, сусын және фольганы араластырған. Осыдан кейін оны «доп» ретінде пайдаланып, ойнамақ болған. Нәтижесінде химиялық реакция жүріп, жарылыс болып, балалар жарақаттанған.

«№37 мектепте болған төтенше жағдай бойынша хабарлаймын: 6-сыныптың жеті оқушысы қолдың, беттің және көздің термиялық күйіктерімен облыстық ауруханаға жеткізілді. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қауіпті жарақат жоқ», – деді Павлодар облысының балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Сауле Шакенова.

Серіктес жаңалықтары