«140 адамның ішінен іріктелгендер»: LRT-ның болашақ 29 операторы Қытайда емтихан тапсырды

Автор: Бақыт Шынар

Олардың арасында теміржолшылардың отбасынан шыққан адамдар көп

Фото: «City Transportation Systems» компаниясы

Астанадағы LRT пойыздарының болашақ 29 операторы Қытайдың Тяньцзинь қаласында оқудан өтіп, қорытынды емтихандарды сәтті тапсырды және біліктілігін растайтын сертификаттарын алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«City Transportation Systems» компаниясының мәліметіне сүйенсек, Қазақстан бойынша 140 үміткердің арасынан осы 29 адам іріктелген. Олар алдымен Астанадағы базалық курстан өтіп, одан кейін шетелде теорияны тереңдетіп оқыған. БҰдан өзге практикалық тағылымдамадан өткен.

Астанаға келген соң олар пойыздарды басқаруға қатысты тағы да оқып, практикада жұмыс істеп көреді. Бұл операторлар Астананың климаттық және пайдалану ерекшеліктеріне бейімделген арнайы симуляциялық бағдарламалар бойынша білім алған.  

Қазір LRT желісінің  22,4 км рельстік жол төселді, 18 станцияның 80 % астамындағы жұмыс аяқталған, деп сендіріп отыр компания.