$ 541.18  636.05  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Селтикке» қарсы ойында әлемді өзіне қаратқан қақпашы ауыр жарақат алып қалды

«Қайраттың» негізгі қақпашысы жарақат алып, алаңнан кетті

«Селтикке» қарсы ойында әлемді өзіне қаратқан қақпашы ауыр жарақат алып қалды
Фото: instagram/f.c.kairat

Қазақстан премьер-лигасының 23-турындағы «Қайрат» – «Ақтөбе» матчы барысында алаң иелері негізгі қақпашысынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ойынның 13-минутында Темірлан Анарбеков жарақат алып, алаңнан кетуге мәжбүр болды. Оның орнын 18 жастағы Шерхан Қалмұрза басты.

Анарбеков 10-минутта қарсылас ойыншысымен соқтығысып, допты қайтармақ болған еді. Дәрігерлер бірден алаңға жүгіріп шықты. Ал 20 минуттан соң футболшыны жедел жәрдем көлігімен стадионнан алып кетті.

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин қақпашының жағдайына қатысты пікір білдірді:

«Алған мәліметім бойынша, Темірланның жақ сүйегі сынған. Ол белгісіз мерзімге қатардан шығып қалды. Алдағы Чемпиондар лигасы мен ҚПЛ-2025 ойындарында командаға көмектесе алмайды, – деді ол.

Айта кетейік, Анарбеков жуырда өткен Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінде шотландиялық «Селтикке» қарсы матчтың басты қаһарманы болған еді. Пенальти сериясында ол бес соққының үшеуін қайтарып, «Қайраттың» негізгі кезеңге шығуына үлес қосты.

Соған қарамастан, негізгі қақпашысынан айырылған «Қайрат» «Ақтөбені» 1:0 есебімен жеңді. Жас қақпашы Шерхан Қалмұрза сенімді ойнап, қақпасын голдан аман сақтап қалды.

Серіктес жаңалықтары