Қазақстанның қай өңірлерінде мұғалімдердің жалақасы жоғары

Автор: Асыл Арман

Орташа жалақы өссе де, сатып алу қабілеті азайды

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда 2025 жылдың II тоқсанында білім беру саласындағы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 373,8 мың теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,8% жоғары, бірақ нақты табыс 3,1%-ға азайды. Ел бойынша орташа жалақы – 448,6 мың теңге. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Energyprom.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Аймақтардағы ең жоғары жалақы

  • Астана – 531,1 мың теңге (+8,1%)
  • Алматы – 435,3 мың теңге (+14,1%)
  • Маңғыстау облысы – 388,6 мың теңге (+3,9%)

Бұл көрсеткіштер орташа салалық деңгейден жоғары. Ал қалған 14 өңірде педагогтар орташа республикалық деңгейден аз табыс алады.

Кім қанша алады?

  • Мектепке дейінгі білім – 229,1 мың тг (+9%, бірақ –2,1% нақты)
  • Бастауыш сынып мұғалімдері – 290,5 мың тг (+3,1%, бірақ –7,4% нақты)
  • Орта мектеп мұғалімдері – 417,6 мың тг (+5,9%, бірақ –4,9% нақты)
  • Жоғары оқу орындары – 475,6 мың тг (+21%, нақты +8,7%)
  • Қосымша білім беру қызметтері – 343,2 мың тг (+19,4%, нақты +7,3%)
  • Басқа бағыттар – 291,8 мың тг (+8,9%, бірақ –2,2% нақты)

Сарапшылар пікірі

Сарапшылардың айтуынша, жалақы өскенімен инфляция педагогтардың нақты табысын төмендетті. Бұл әсіресе мектеп мұғалімдері мен балабақша қызметкерлеріне ауыр тиіп отыр.