Enbek.kz биржасында тамыз айында бос жұмыс орындары күрт өсті
«Enbek.kz» электрондық еңбек биржасына 2025 жылғы тамыз айында 239,8 мың бос жұмыс орны жарияланып, жұмыс іздеушілер тарапынан 138,5 мың түйіндеме орналастырылды.
Өткен аймен салыстырғанда бос орындар саны 128,9%-ға (+135 мың) артқан. Ал түйіндемелер саны 6,3%-ға (-9,3 мың) азайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бос орындардың ең көбі мына салаларға тиесілі болды:
Бұл төрт бағыт жалпы сұраныстың 70%-дан астамын құрады. Айта кетсек, білім беру саласындағы әр бесінші бос орын Астана мен Алматы қалаларына тиесілі.
Жалпы сұраныстың басым бөлігі жоғары білікті кадрларға бағытталды – 124,1 мың бос орын (52%). Оның ішінде білім беру мен тәрбие саласына 81,6 мың бос орын тиесілі.
Орта білікті мамандарға – 31% (75,2 мың), ал біліктілігі жоқ жұмысшыларға – 17% (40,4 мың) сұраныс болды.
Бос жұмыс орындарының ең үлкен өсімі мына өңірлерде тіркелді:
Түйіндемелер саны жалпы азайғанымен, кейбір өңірлерде белсенділік артты:
Ал керісінше, Шымкент қаласында (-50,2%), Солтүстік Қазақстан облысында (-18,4%) және Қарағанды облысында (-16,4%) төмендеу байқалды.
Кәсіби топтар бойынша ең қажет мамандықтар:
Орта білікті мамандар арасында тәрбиеші көмекшілері, күзетшілер және автокөлік жүргізушілері сұранысқа ие болды.
Ең жоғары жалақы күткен кандидаттар қатарында:
Ал жұмыс берушілер ұсынған ең жоғары жалақылар мына лауазымдарға тиесілі болды:
2025 жылғы тамызда Enbek.kz алаңында түйіндемелер саны аздап төмендегенімен, жоғары білікті мамандарға деген сұраныс айтарлықтай өсті. Бұл үрдіс жаңа оқу жылының қарсаңындағы маусымдық факторларға байланысты болды, әсіресе мұғалімдер, тәрбиешілер және олардың көмекшілеріне арналған бос орындар жаппай жарияланды.