Видеоны жолаушылардың бірі түсіріп алған
Әлеуметтік желілерде Ақтау маңында болған катер апатының видеосы тарады. Жазбаны оқиға кезінде балаларымен бірге катерде отырған жолаушы түсірген. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Elise» катерінің жолаушысы смартфон камерасына теңіздегі серуен сәтін түсіріп жүрген. Кадрларда адамдардың табиғатты тамашалап отырғаны байқалады. Бір мезетте катерлер соқтығысып, балалардың жан дауысы естіледі.
«Бриз» яхт-клубының міәліметінше, «Izi» катерінің жүргізушісі ережеге сай оңға бұрылған, «Elise» катері керісінше солға бұрылған. Нәтижесінде екеуі соқтығысып қалған.