$ 540.84  634.46  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарқаралыда саңырауқұлақ теруге кеткен зейнеткер адасып кетті

ТЖМ құтқарушылары Қарқаралы орманында адасқан әйелді тапты

Қарқаралыда саңырауқұлақ теруге кеткен зейнеткер адасып кетті
Фото: Видеодан скрин

Қарағанды облысындағы Қарқаралы ұлттық табиғи паркінде саңырауқұлақ теруге шығып, орманда адасқан әйелді ТЖМ құтқарушылары бір тәуліктен соң тауып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында Комиссаровка өңірінде 1962 жылы туған әйел адамды іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Ол 13 қыркүйек күні сағат 16:00 шамасында саңырауқұлақ теруге шығып, орманда адасып кеткен.

«Іздестіру түні бойы жалғасты. Орман аумағын зерттеу үшін құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппараты мен кинологиялық жасақты жұмылдырылды.

Күндіз ТЖМ іздестіру тобы Комиссаровка шатқалынан 8 шақырым жерде орманда тапты. Құтқарылған азаматша демалыс аймағына жеткізілді, медициналық көмек қажет болған жоқ.

Серіктес жаңалықтары