Дүйсенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады

Автор: Мөлдір Қазыбай

Синоптиктер болжамы жарияланды

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК 15 қыркүйек, яғни дүйсенбі күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік пен орталықта – Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Астана қалаларында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз +12…19°С, түнде +1…8°С дейін салқындайды.

Батыс өңірлерінде – Орал, Атырау, Ақтөбе, Ақтау қалаларында күн ашық, негізінен жауын-шашынсыз. Тек Ақтауда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз +17…22°С, түнде +6…14°С аралығында болады.

Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында түнде өткінші жаңбыр жауып, күндіз жел күшейеді. Алматыда +21…23°С, Қонаевта +22…24°С, Талдықорғанда +20…22°С күтіледі.

Шығыста – Өскемен, Семей қалаларында жауын-шашынсыз, +13…15°С жылы.

Оңтүстікте – Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылордада күн ашық, бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз. Күндіз +24…30°С, түнде +10…18°С жылы болады.