$ 540.84  634.46  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандық боксшы қыздар әлем чемпионы атанды

Олар әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірген жоқ

Қазақстандық боксшы қыздар әлем чемпионы атанды
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстандық боксшы қыздар – Аида Әбікеева мен Наталья Богданова әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аида Әбікеева 65 келіге дейінгі салмақтың ақтық жекпе-жегінде өзбекстандық Навбахор Хамидованы жеңді.

Алғашқы екі раунд өзбек қызының пайдасына аяқталды. Дегенмен Аида үшінші раундта жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетіп, жеңісті суырып алды. Нәтижесінде екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Ал Наталья Богданова 70 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді.

Отандасымыз ақтық сында Лекеиша Перголитимен Аустралия) өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Наталья Богданова еш қиындықсыз қарсыласынан басым түсіп, жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, бұған дейін Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) және Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) алтын медальға ие болған еді.

Серіктес жаңалықтары