Зайсанда жаңа туған нәресте шұғыл жағдайда Өскеменге тікұшақпен жеткізілді

Автор: Мөлдір Қазыбай

Нәресте ТЖМ тікұшағымен шұғыл түрде тасымалданды

Фото: ҚР ТЖМ

ШҚО-да жаңа туған нәресте шұғыл жағдайда Зайсаннан Өскеменге тікұшақпен жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Нәресте «Қазавиақұтқару» тікұшағыен жеткізілді. Сәбиге шұғыл медициналық көмек қажет болды.

Операцияны ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштары Сергей Пинигин мен Бауыржан Бұтенбаев санитарлық авиация дәрігерлері Рафаиль Халитов және Бек Асаубаевпен бірлесіп орындады. Ұшу сәтті өтті.

«Бала медициналық мекемеге жеткізілді.

Ұшқыштардың жұмысы шұғыл көмек көрсету жүйесіндегі маңызды буын болып қала береді, қысқа мерзімде адам өмірін құтқаруды қамтамасыз етеді», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.