Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады
«Қазгидромет» таратқан болжамға сәйкес, елдің бірқатар өңірінде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, Батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерде – жаңбыр, найзағай, бұршақ болады;
Маңғыстау облысында түнде – нөсер; қалған аймақтарда – негізінен құрғақ ауа райы болады.
Ауа райымен бірге басқа да құбылыстар күтіледі:
Үсік күтілетін аймақтар:
Ауа райының ыстық әрі құрғақ болуына байланысты бірнеше облыста өрт қаупі сақталады:
Мамандар жүргізушілерге жолда абай болуды, ал ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететіндерге ауа райы жағдайын ескеруді ескертеді. 15 қыркүйекте елдің көптеген өңірінде қауіпті құбылыстар күтілетіндіктен, азаматтарға сақтық шараларын қатаң ұстану қажет.