14.09.2025, 12:14
Жаңалықтар
Үш қалада ауа сапасы нашарлайды – синоптиктер
Бұл қалаларда қауіпті деңгейдегі метеожағдай болжанды
Фото: © istockphoto.com
14 қыркүйек күні Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы төмендеп, зиянды заттар жиналуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Астанада, Қостанайда (түнде) және Ақтөбеде күтіледі.
Қолайсыз метеожағдай деген не?
Мамандардың түсіндіруінше, қолайсыз метеожағдай – бұл қысқа мерзімді табиғи факторлардың (штиль, әлсіз жел, тұман, инверсия) әсерінен ауада зиянды қоспалардың шоғырлануына әкелетін құбылыс. Мұндай кезде атмосфералық ауаның төменгі қабатында ластаушы заттар ұзақ сақталады.
Тұрғындарға кеңес
Синоптиктер қала тұрғындарына мынадай сақтық шараларын ұсынады:
- мүмкіндігінше далада ұзақ жүрмеу, әсіресе автокөлік жолдарының маңында болмау;
- жабық бөлмелерде көбірек болу;
- созылмалы ауруы бар адамдарға (өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергия) қажетті дәрілерін өзімен бірге алып жүру;
- балалар мен қарттарды қоршаған орта факторларынан қорғау.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды