Каспий маңындағы мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен ғалымдары теңіз деңгейінің төмендеуіне қатысты мәселелерді талқылады
Әзербайжанда өткен Baku Water Week аясындағы панельдік пікірталаста Су ресурстарын пайдалану және қорғауды мемлекеттік бақылау қызметінің өкілі Рафиг Вердиев теңіз деңгейі соңғы төрт жылда 24 сантиметрге төмендегенін хабарлады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Вердиевтің айтуынша, теңіз деңгейінің төмендеуіне негізгі екі фактор әсер етіп отыр:
Ғалымдардың болжамына сүйенген сарапшы, климаттың әрі қарай өзгеруі Каспий теңізі жағалауларында экологиялық ахуалды күрделендіруі мүмкін екенін атап өтті. Бұл өз кезегінде экономикалық салдарға да әкеледі.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Қытайда өткен саммитте Каспийдегі жағдайды экологиялық апат деп атаған еді.
Сондай-ақ ол Қазақстан халқына арнаған жолдауында да теңіз деңгейінің төмендеуіне ерекше тоқталды. Мемлекет басшысының сөзінше, дер кезінде әрекет етпеу орны толмас зардаптарға әкелуі мүмкін.