Қарағанды облысында заңсыз жолаушылар тасымалына қарсы рейд өтіп жатыр
Қарағанды облысында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында өткен рейд барысында екі күн ішінде 24 көлік айыптұраққа қойылды. Полиция заңсыз тасымалдың адам өміріне тікелей қауіп төндіретінін ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Лицензиясыз және техникалық байқаудан өтпеген көліктер басты назарға алынды. Әсіресе жолаушыларды тасымалдауға жиі пайдаланылатын Toyota Alphard, Estima, Honda Elysion, Mercedes-Benz Sprinter, Volkswagen Sharan секілді автокөліктер ерекше бақылауда.
Бар болғаны екі күн ішінде 24 көлік айыптұраққа қойылды. Тексеру барысында мынадай заңбұзушылықтар анықталды:
«Мұндай құқық бұзушылықтар – адам өміріне төнген тікелей қауіп. Заңсыз тасымалдың салдары қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін», – деді Қарағанды облысы ПД патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов.
5 шілде күні Астана – Қарағанды – Алматы тасжолында болған жол апаты полиция ескертуінің айқын дәлелі. KIA Sedona көлігінің жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, апатқа себеп болды. Автокөлік өртеніп, жеті адам қаза тапты.
Полиция тұрғындарды ескертеді: заңсыз тасымал – өлімге әкелетін қатер. Сондықтан рейдтік шаралар тұрақты түрде жалғасады. Басты мақсат – азаматтардың өмірін қорғау, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қайғылы жағдайлардың алдын алу.