Mercedes көлігі газ құбырын қиратып өтті
13 қыркүйекке қараған түні Шымкент қаласында Mercedes автокөлігі Абай даңғылы мен Асқаров көшесінің қиылысында орналасқан жерүсті газ құбырына соғылды. Апат салдарынан қаланың бірнеше ауданында газ беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына жедел жеткен апаттық қызмет өкілдері бірнеше минут ішінде газдың шығуын тоқтатты. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
«QazaqGazAimaq» мамандарының мәліметінше, апат салдарынан жалпы 7 мыңға жуық абонент уақытша газсыз отыр.
Қазір «QazaqGazAimaq» бригадалары зақымдалған құбырды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Компания қала тұрғындарынан қауіпсіздік үшін:
Жөндеу аяқталған соң газ қайта қосылады. Оқиға орнына аудандық полиция қызметкерлері де шыққан.