Ливерпульде өтіп жатқан бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектердің жұптары анықталды. Қазақстан құрамасынан екі боксшы алтын үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.
- +90 кг салмақта Айбек Оралбай Өзбекстан боксшысы Жахонгир Зокировпен кездеседі.
- Әйелдер арасында 65 кг салмақта Аида Абикеева Өзбекстан өкілі Навбахор Хамидовамен рингке шығады.
Басқа финалдық жұптар
Чемпионаттың шешуші кезеңінде тағы алты финалдық кездесу өтеді:
- Ерлер, 60 кг: Абдумалик Халоков (Өзбекстан) – Луис Габриэл де Оливейра (Бразилия)
- Ерлер, 75 кг: Рами Киван (Болгария) – Фазлиддин Эркинбоев (Өзбекстан)
- Ерлер, 90 кг: Исаяс Сантос Рибейро Фильо (Бразилия) – Турабек Хабибуллаев (Өзбекстан)
- Ерлер, 90+ кг: Айбек Оралбай (Қазақстан) – Джахонгир Зокиров (Өзбекстан)
- Әйелдер, 57 кг: Юлия Шеремета (Польша) – Жасмин (Үндістан)
- Әйелдер, 60 кг: Ребека Де Лима Сантос (Бразилия) – Анета Рыгельска (Польша)
- Әйелдер, 65 кг: Аида Абикеева (Қазақстан) – Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
- Әйелдер, 80+ кг: Нупур (Үндістан) – Агата Качмарска (Польша)