Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Автор: Дәулет Ботагөз

Зиянды қоспалар ауада таралмай, төменгі қабатта жиналады

Фото: © istockphoto.com

13 қыркүйекте Алматы мен Ақтөбеде ауада зиянды заттардың шоғырлануы күшейеді. Бұл туралы «Қазгидромет» мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. .

Екі қалада ауа ластануы күтіледі

Синоптиктердің дерегінше, бүгін аталған қалаларда зиянды қоспалар ауада таралмай, төменгі қабатта жиналады. Бұл құбылыс желдің баяулығы мен басқа да метеофакторларға байланысты.

«13 қыркүйек 2025 жылы Алматы және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеожағдай қалыптасады», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Қолайсыз метеожағдай деген не?

Мамандардың айтуынша, қолайсыз метеожағдайлар – бұл ауадағы зиянды қалдықтардың таралуына кедергі келтіретін табиғи құбылыстар. Олардың қатарына:

  • штиль (тыныш ауа райы),
  • әлсіз жел,
  • тұман,
  • температуралық инверсия жатады.

Осындай жағдайда өнеркәсіп қалдықтары мен көліктен шыққан газ ауада ұзақ сақталып, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.