Синоптиктер 13 қыркүйекке ауа райы болжамын жасады

Автор: Алмас Ерсін

Солтүстікте күн суытады, оңтүстікте ыстық сақталады

Фото: freepik.com

Синоптиктер сенбі, 13 қыркүйекте қалаларда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +12...+14°C.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +11...+13°C.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3–8 м/с жел соғады, кешке екпіні 13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +27...+29°C.

Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +28...+30°C.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 7–12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +24...+26°C.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8–13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +28...+30°C.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8–13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +28...+30°C.

Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5–10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +20...+22°C.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Шығыс, солтүстік-шығыстан түнде 3–8, күндіз 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +22...+24°C.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +20...+22°C.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +16...+18°C.

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +12...+14°C.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +11...+13°C.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 7–12 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +11...+13°C.

Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +17...+19°C.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +17...+19°C.

Семейде көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +16...+18°C.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған жаңбыр жауады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 8–13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +22...+24°C.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +25...+27°C.