Ер адамның ісі сотта қаралды
Қызылорда облысының Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс материалдарына сәйкес, аудан тұрғыны үйіне алкогольдік мас күйінде келіп, бірнеше рет жұбайына құрметсіздік танытып, балағат сөздер айтып, оның тыныштығын бұзған. Мұндай жағдай бір жыл ішінде үш мәрте тіркелген, оған дейін ер адамға әкімшілік жаза қолданылған болатын.
Сотта азамат өз кінәсін мойындап, кешірім сұрап, мұндай әрекетті қайталамайтынын айтты. Жәбірленушінің жұбайы оқиғаның мән-жайын растап, күйеуін кешіргенін жеткізді.
Алайда соттың қаулысымен азамат кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.