Батыс Қазақстанда кітапхана есепшілеріне 46 млн теңге жымқырды деген айып тағылды

Автор: Алмас Ерсін

Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды

Фото: Azattyq Rýhy

Батыс Қазақстан облысында екі кітапхана есепшісі сотқа тартылды. Олар аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мой город» порталының мәліметінше мемлекеттік мекеменің бас есепшісі мен есепшісі қылмыстық келісім жасап, 2023-2025 жылдар аралығында «өлі жандарға» жалақы төлеген. Содан кейін олар ақшаны өздерінің шотына аударған. Олардың қылмыстық әрекетінен мемлекетке 45,9 млн теңге залал келген.

«Теректі ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне қатысты тергеу аяқталды. Департамент қызметкерлерінің қабылдаған шараларының қорытындысы бойынша кінәлілер анықталып, мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде өндірілді», - деп атап өтті Экономикалық тергеу департаменті.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді.