Ол бұл туралы өзі хабарлады
Барлық санитарлық нормаларды, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтаған едім. Бірақ, коронавирус мені де айналып өтпеді, деп жазды саясаттанушы Facebook парақшасында.
«ПТР оң нәтиже көрсетті. Төрт күн бойы температурам түспей тұр - 37,5-38 градус. Бойымда көмір түсіргендей әлсіздік. Біз барлығымыз дәрігерлердің бақылауымен өз-өзімізді карантинге алдық.
Укол қабылдап, (жұбайым үйренді) барлық дәрі-дәрмектерді ішіп жатырмыз. Отбасындағы моральдық жағдай дұрыс, бұл ауруды жеңуге ниеттіміз. Дәрігерлер айтқандай, жақын күндері еліміз індеттің шарықтау шегінен өтеді. Аурмаңыз, өзіңізге, жақын адамдарыңызға, айналаңыздағыларға қамқорлық жасаңыз», - деп жазды ол.