Оралда есірткі притоны анықталды: оны бұрын сотталған әйел ұйымдастырған

Автор: Асыл Арман

Қолданылған шприцтер салынған полиэтилен пакеттер табылды

Фото: БҚО ПД

Орал қаласында көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде есірткі заттарын тұтынуға арналған притон табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Пәтерді тінту барысында қолданылған шприцтер салынған полиэтилен пакеттер, шыны, пластик және металл ыдыстағы сарғыш түсті сұйықтық, екі ыдыс көкнәр тәркіленді.

Тексеру нәтижесінде бұл заңсыз қызметті 46 жастағы бұрын сотталған әйел адам ұйымдастырғаны анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы облыс бойынша 34 мыңға жуық тұрғын үй, 500 жалдамалы пәтер, 4 мыңға жуық саяжайдағы үй, 826 шаруа қожалығы мен қыстақтар тексерілді. Ішкі істер органдарынның есебінде тұрған 1 318 адам тексерілді, тіркелмеген 2 қару тәркіленді, 3 мыңнан астам құқық бұзушылық, көңіл көтеру орындарында заңды өкілдерінсіз жүрген 16 кәмелетке толмаған бала анықталды. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.