Оқиғаға қатысты Полиция департаменті түсініктеме берді
Алматыда электросамокат мінген екі ер адам сөзге келіп, артынша төбелесіп кетті. Оларға араша түсуге жаяу жүргіншілер ұмтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға күндіз Әуезов ауданында болды. Куәгерлердің айтуынша, олардың жанжалы бірінің екіншісіне жол бермегенінен басталған. Ауызша кикілжің тез арада төбелеске ұласқан.
Видео кадрларынан олардың бір-біріне бірнеше рет соққы жасағаны байқалады. Кейін жолаушылар оларды ажыратып алған.
«Аталған дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Тротуарда төбелес шығарған азаматтар ұсталып, заң аясында жауапқа тартылады. Әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі. Мұндай тәртіпбұзушылықтарға жол берілмейді және оларды қатаң түрде тоқтатамыз», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.