81 жеке балабақшаға қаражат аударылмаған
Қызылорда облысында 2000-ға жуық балабақша тәрбиешісі жалақысын ала алмай келгені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы прокуратурасымен кәсіпкерлік субъектілерінен түскен сигналдар бойынша талдау жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде аудан бойынша барлығы 81 жеке балабақшаға тиесілі қаражатты аудармауы салдарынан 1847 жұмыскердің алдында айлық жалақыны кешіктіру фактілері орын алған.
«Аудандық прокуратурасының қадағалау актісінің қаралу нәтижесінде 1847 жұмыскердің конституциялық және 81 кәсіпкердің бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, 720 млн теңгеге жуық ақша қаражаты өндірілді», – делінген прокуратура хабарламасында.