Жастардың қанатқақты жобасы байқауда үздік деп танылып, 2 млн теңгелік грантты жеңіп алды
Жетісу облысында студенттер «Алиса» қосымшасына балама болатын дыбыстық көмекші жасап шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.
Енді олар бұл бағдарламаны жасанды интелектімен байланыстырып, қолданыс аясын кеңейтуге күш салып жатр. Жастардың қанатқақты жобасы «Жас ғалым» байқауында үздік деп танылып, 2 млн теңгелік грантты жеңіп алды.
Артем Федоровтың қосымшасы әзірге компютердегі тапсырмаларды ғана орындайды. Жас өнертапқыш енді оған қазақ тілін енгізіп, жобаны жасанды интелектіге негіздемек. Сол арқылы бейнекамерадағы адамның бет жүзін танып әрі «ым» тілін түсінетіндей етіп жасауды мақсат еткен.
«Бұл қосымшаны студенттер мен оқушылар білім алу үшін, ал мұғалімдер жұмысында пайдаланса деп ойлаймын. Тіпті мүмкіндігі шектеулі адамдардың өздері «ым» тілі арқылы тапсырма беріп, ғаламтордан қажетті ақпаратын тауып алатындай етіп жасасам деген арманым бар. Қысқаша айтқанда адамдардың барлығы қолданатындай деңгейге жеткізгім келеді», - дейді Артем Федоров.
Студенттер дыбыстық көмекшіден бөлек, студенттерге арналған чат бот, ойын және мултимедиялық қосымша әзірлеп жатыр. Жобалар мемлекеттік бағдарлама негізінде қолға алынған.
«АІ SANA бағдарламасы аясында өзіміздің университетте бес жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалардың әрқайсысының ерекшелігі және пайдасы бар. Бірі талапкерлерге 24 сағат ақпарат беретін болса, бірі студенттерге оқу процесі бойынша ақпарат береді. Дыбыстық көмекші ретінде әртүрлі бағдарламалармен интеграциялауға болады. Жалпы осы жобалардың қолданушыларына өте қажет жоба», - дейді І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Физика-математика факультеті деканының орынбасары Әділет Мейрамбекұлы.
Арнайы комиссия жасанды интелектіге негізделген бес қосымшаның ішінен біреуін таңдап алады. Үздік жоба қазан айында Астанада өтетін халықаралық көрмеде көпшілік назарына ұсынылады.