$ 538.2  629.64  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбылда жүк көлігінің иесі мемлекет пайдасына 6,9 млн теңге төлеуге мәжбүр болды

Жауапкер «DAF FT XF105» маркалы жүк көлігін Қазақстан аумағында алғашқы мемлекеттік тіркеуден өткізбегені анықталды

Жамбылда жүк көлігінің иесі мемлекет пайдасына 6,9 млн теңге төлеуге мәжбүр болды
Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысында Меркі аудандық соты жүк көлігінің иесінен мемлекет пайдасына 6,9 млн теңге өндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше Алматы облысының полиция департаменті жауапкер Ю.-ға қарсы көлік құралын алғашқы тіркегені үшін алым сомасын өндіріп алу туралы талап арыз түсірді.

«Сот 2020 жылдың маусым айында жауапкердің атына «DAF FT XF105» маркалы жүк көлігі тіркелгенін анықтады. Аталған көлік құралы бұрын Қазақстан аумағында алғашқы мемлекеттік тіркеуден өтпеген», - деп жазылған хабарламада.

Сотта талап қоюшы бастапқы тіркеу кезінде жауапкер алым төлемегенін, осыған байланысты мемлекет пайдасына 6,9 млн теңге өндіріп алу қажеттігін атап өтті.

Жауапкер ресімдеу жөніндегі құжаттармен жауапкер атынан төлем жасауға тиіс үшінші тұлға айналысқанын айтып, талап арызды мойындамады. Неліктен ақша мемлекет кірісіне түспегенін түсіндіре алмады.

«Сот жауапкерге алымның төленгені туралы дәлелдемелерді ұсынуға бірнеше рет уақыт берді, алайда дәлелдер ұсынылған жоқ», - дейді сот.

Сот шешімімен талап қою арызы қанағаттандырылды, азамат Ю.-дан мемлекет пайдасына 6,9 млн теңге және 208 мың теңге мөлшерінде мемлекеттік баж өндірілді. Сот шешімі заңды күшіне енді, жауапкер алым сомасын төледі.

Серіктес жаңалықтары