Ол жалған хабарландыру арқылы ақша тапқан
Алатау ауданының полицейлері интернет-алаяқтықпен айналысқан жас жігітті қолға түсірді. Ол интернетте жалған пәтерді жалға беру туралы хабарландыру жариялап, азаматтардан алдын ала төлем алып отырған. Ақшаны алған соң телефонын сөндіріп, жасырынып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазіргі таңда оның бірнеше қылмыстық іске қатысы бар екені дәлелденді. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев тұрғындарға онлайн-келісім кезінде аса мұқият болуды ескертті:
«Интернет тек қолайлылық емес, алаяқтар үшін де алаңға айналды. Өзімізді және жақындарымызды қорғау үшін мұқият болуымыз қажет», – деді ол.
Алматы қалалық полиция департаменті егер азамат интернет-алаяқтардың құрбаны болса, дереу «102» нөміріне қоңырау шалуды ұсынады.